"Боқтағандар да болды": Алмат Сақатов халықтан ақша жинауды тоқтатты

Енді көпшіліктің ақша салуды тоқтатуын және осы видеосының басқа жақтан шығып, басқа шот ашқан алаяқтарға алданып қалмауларын сұрады.

"Боқтағандар да болды": Алмат Сақатов халықтан ақша жинауды тоқтатты
фото: видеодан скриншот

Актер Алмат Сақатов өзінің туған жиенінің емі үшін ашылған шотты жабық деп хабарлады. Ол емге қажетті қаражаттың толық жиналғанын айтты, деп хабарлады paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

"Ассалаумағалейкум ағайын! Жұма қабыл болсын! Отбасыларыңыздан бақ пен береке кетпесін. Алладан сұраған дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын. Мен тағы да айтамын, бүгін жиенімнің еміне арналып ашылған сбор тоқтатылды. Ешкім ақша салмасын, болды. Алғысым шексіз, құрметті ағайындар! Құдай қаласа, мен де көмектесем, шамам жеткенінше. Аман болыңыздар деймін. Мен әпкеме "ел болып, жұрт болып, жиенімнің еміне қаражат жинаймыз" дегенмін. Бірінші Алла, сосын сіздердің арқаларыңызда қаражат толық жиналды. Алғысым шексіз", - деп Instagram парақшасындағы stories бөлімінде видео жариялады ол.

Осы орайда ол өзіне артық ақша қажет еместігін, тек жиенінің еміне сұраған қаржының жиналғанын жеткізді. Енді көпшіліктің ақша салуды тоқтатуын және осы видеосының басқа жақтан шығып, басқа шот ашқан алаяқтарға алданып қалмауларын сұрады.

Тағы оқи отырыңыз: "Тығырыққа тірелдім...": Алмат Сақатов көпшіліктен қаржылай көмек сұрады (ВИДЕО)

"Енді кейбіреулер маған ұрысты, тіпті боқтағандар да болды, "осындай абыройың бар, ұялмайсың ба, халықтан ақша сұрауға" деп. Енді тығырыққа тірелгенде сіздер болдыңыздар. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, барлығы Алла, сосын сіздердің арқаларыңызда, ағайын!" - деп ағынан жарылды актер.