Соңғы жағдайларға қатысты бір жылдан бері жұмыссыз отырғанын, табыстан қағылғанын айтқан актер "кезінде өзім де талай адамға көмектестім, ендігі кезек сіздерде" деп ағынан жарылды...
Актер Алмат Сақатов Instagram-да халықтан қаржылай көмек сұрап, видео жариялады. Ол өзінің туған жиеніне ем үшін ақша керек екенін айтуға мәжбүр болды, деп хабарлады paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы жағдайларға қатысты бір жылдан бері жұмыссыз отырғанын, табыстан қағылғанын айтқан актер "кезінде өзім де талай адамға көмектестім, ендігі кезек сіздерде" деп ағынан жарылды.
"Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын! Заман түзуде ешкімге қол созып көрмеп едім. Әпкемнің жылағаны ауыр тиді. Сырттан қарағанда, өміріміз гүлдей. Бір жыл той, концерт тоқтағалы осындай дәрежеге әкеліп соқты. Көмек сұрағанның бәріне көмектесе алмасақ та, бірталай адамға қол ұшын беріп едім. Көп емес, 100 теңге салсаңыздар да тәубә. Кешіріңдер! Көмектесем деген ағайын болса, каспий голд - 87026388897. "Айғаным.С" деп шығады. Ел аман, жұрт тыныш болсын" - деп жәрдем сұрап жазба қалдырды.
"Әр түскен ақшаның квитогін сториске салып отырамын. Ұяттау нәрсе, мен сияқты жігітке. Бірақ тығырыққа тірелдім. Не істеймін?.." деп жазды шарасыздық танытқан Алмат Сақатов.
Желідегі оқырмандар сәбиге шипасы тиюін тілеп, қолдан келгенше көмек беретіндерін жазуда.