26.02.2021, 16:39

"Әкесіне ұқсайды екен...": Қайрат Нұртастың туған күніне Нұрәли Әлиев қатысты

фото: Instagram парақшасынан скриншот

Ол суретке аз уақыт ішінде 25 мыңнан астам лүпіл басылған.

Әнші Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасына Нұрәли Әлиевпен түскен суретін жариялады. Ол сурет кеше өнер иесінің 32 жасқа толған туған күнінде түсірілген, деп хабарлады paryz.kz.

"Бүгінгі кештен естелік" деп қана жазған әншінің өзі суретіне.

Ол суретке аз уақыт ішінде 25 мыңнан астам лүпіл басылған.

"Нұрәли әкесіне ұқсайды екен. Бақытты болыңдар!", "Биыл туған күніңізді ауқымды етіп тойламай, Нұрәлимен атап өткен секілдісіз ғой", "Туған күн күшті өткен сияқты ғой" дегендей жазба қалдырып жатыр көпшілік.

Еске сала кетсек, кеше Қайрат Нұртас туған күні қарсаңында өзіне өмір сыйлаған ата-анасын құттықтап, оларға деген алғысын білдірген болатын.