Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Найманның" көзі енді ыдыс жуып жүрген "Қызылорда аруына" түсті

"Біздің елімізде әлі күнге дейін лайықты қыздар, Гүлнұр сияқты өз Отанын сүйетін патриоттар бар екенін мақтан тұтамын!" - дейді ол.

"Найманның" көзі енді ыдыс жуып жүрген "Қызылорда аруына" түсті
фото: azattyq-ruhy.kz

Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Instagram парақшасына жұмыс таппай, ыдыс жуған "Мисс Қызылорда - 2017" аруы - Гүлнұр Нұртаза туралы жазба жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Ол ресейлік шоу мен Украинадағы жарнама агенттіктерінің қызықты ұсыныстарына елітіп кетпей, өз ары мен абыройын жоғары қойған аруға тәнті болғанын жеткізді.

Тағы оқи отырыңыз: Дәмханада ыдыс-аяқ жуып жүрген "Қызылорда аруына" байлар интим ұсынған (ВИДЕО)

Дәмханада ыдыс жуатын "Қызылорда аруының" оқуға ақша жинайтын басқа амалы жоқ

"Біздің аруымыз атақ-даңқ пен ақша үшін Ресейге бармай қалғаны туралы жаңалықты оқып, өзімді керемет сезіндім. Біздің елімізде әлі күнге дейін лайықты қыздар, Гүлнұр сияқты өз Отанын сүйетін патриоттар бар екенін мақтан тұтамын! Гүлнұр Нұртазадан үлгі алыңыздар! Жарайсың!" деп жазды, қыздың суретін өз парақшасына жүктеген спортшы.

Ал бойжеткен оның жазбасына лайк басып, өзін қолдағаны үшін алғыс білдірді.