"Азия", "Бақай" топтарының "Опымай" атты танымал әні қазір афроамерикалықтардың арасында хит болып жатыр, деп хабарлады paryz.kz.
Ол әнге сүйсіне билеп жүрген шетелдіктердің видеосы Instagram-дағы qazaq.zhyldyzdary парақшасына жарияланған. Жігіттердің екеуі көтеріңкі көңіл-күймен билеуге кірісіп жатса, үшіншісі оларды видеоға түсіріп жүр. Ал бейнебаянға үңілген жігіт билеп жүрген досына видеоны бірге тамашалап, клиптегі бидің қимылдарын қайталауға шақыруда. Сондай-ақ ол "Опымай" әнін атақты оңтүстіккореялық әнші Psy-дың Gangnam Style әніне ұқсатқан.
Еске сала кетсек, "Опымай" әні алғаш шыққан бір ай ішінде Yutube желісінде 10 миллионнан астам қаралым жинап, елімізде ерекше танымалдылыққа ие болған еді.