2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.
Мәжит Шәріпов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.
Директорлар кеңесінің шешімімен Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - делінген баспасөз хабарламасында.
Тағы оқи отырыңыз: "Қазатомөнеркәсіп" АҚ басшысы қызметінен кетейін деп жатыр
"Қазатомөнеркәсіп" қарызға белшесінен батып отыр
Мәжит Шәріпов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. МИФИ ҰЯЗУ Обнинск атом энергетикасы институтын бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.
1992-1999 жылдары — Қазақстан Атом энергиясы агенттігі Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау бөлімінің маманы.
2000-2008 жылдары — Қазақстан Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің Инспекциялау және талдау бөлімі басқармасының басшысы; бөлім басшысы.
2008-2010 жылдары — Қазақстан Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры.
2010-2012 жылдары — Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.
2012-2013 жылдары — Қазақстан Атом энергиясы агенттігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.
2013-2014 жылдары — Қазақстан ИЖТМ Атом энергиясы комитетінің төрағасы.
2015-2020 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.