Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ірі көлемдегі алтын ұрлығына Семей полицейлерінің қатысы бар ма? (ВИДЕО)

Сонымен қатар жазбада ай сайын құны шамамен 400 миллион теңге болатын, құрамында алтыны бар руда ұрланғаны атап өтілген.

Ірі көлемдегі алтын ұрлығына Семей полицейлерінің қатысы бар ма? (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Семей қалалық Полиция басқармасы бөлімшелерінің бірінің бастығы алтын контрабандасымен айналысатын қылмыстық топ мүшелерінің қылмысын жасыруы мүмкін деген аудиохабарлама пайда болды, деп хабарлады paryz.kz.

"Еуразия" бірінші арнасының мәліметінше, аудиожазба селекторлық жиналыс кезінде жасалған болуы ықтимал. Бұл аудиохабарлама Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланды.

"Шығыс Қазақстанда алтын ұрлап жүрген топ ұсталды. Бұған құқық қорғау органдары қызметкелерінің қатысы бар болуы әбден мүмкін", - делінген жазбаның сипаттамасында.

Тағы оқи отырыңыз: "Еліміздің 4 қаласынан қылмыстық топтың 16 мүшесі ұсталды" - ҰҚК (ВИДЕО)

Сонымен қатар жазбада ай сайын құны шамамен 400 миллион теңге болатын, құрамында алтыны бар руда ұрланғаны атап өтілген. Топтың кейбір мүшелері кінәсін мойындап, тергеу ісіне көмектесіп жатқаны да айтылған. Сондай-ақ жазбада ұрлықты жүзеге асырудың тетігі, негізгі күдіктілердің ортасы және аталған әрекетті жасырған полиция қызметкерінің анықталғаны айтылған.

"Еуразия" бірінші арнасының журналистері осы фактіге қатысты Ішкі істер министрлігіне жүгінген. Алайда ведомство ақпаратты растап, болмаса, жоққа да шығармаған.

Айта кетейік, қазір Ақмола облыстық Полиция департаменті катондтық алтын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиға 2 наурызға қараған түні "Қазақалтын ТКМК" АҚ-ында болған. Қылмыстық әрекет салдарынан кәсіпорынға 122 млн теңге көлемінде шығын келген.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.