"Еліміздің 4 қаласынан қылмыстық топтың 16 мүшесі ұсталды" - ҰҚК (ВИДЕО)

Қылмыстық топтың құрамында құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері болған.

ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, аса қауіпті трансұлттық қылмыстық топты жойды, деп хабарлады paryz.kz

Айта кетсек, 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізген.

"Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр", - деп мәлімдеді ҰҚК.

Қылмыстық топтың құрамында құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері болған.

Ұстау барысында олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақшалай қаражат, байланыс құралдары және өзге де заттар тәркіленді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.