04.03.2021, 10:15

Коронавирустан Төлеген Байғұлов қайтыс болды

фото: ашық дереккөз

Қаралы хабарды СҚО Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жеткізді. 

Коронавирус инфекциясынан Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz

Қаралы хабарды СҚО Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жеткізді. 

"Иманды болсын! Қайтпас қайсар, патриот, адал жан еді. Бүгін сұмырай COVID-тен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Адалдық алаңы кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды. Жаны жәннатта болсын!" - деп жазды ол.