30.04.2024, 16:55

Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды

Фото: видеодан скриншот

Шымкентте екі баланың әкесі көпірден секірмек болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ер адам Байтұрсынов көшесіндегі жер үсті көпіріне шығып, секірмек болған. Сол кезде оны байқап қалған тұрғындар полицияға хабарласқан.

«Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары көпір қоршауынан шығып тұрған азаматты байқады. Полицейлер ер адамды әңгімеге тартып, оны назары ауған сәтте ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды», - деп хабарлады Шымкент ПД.

Аталған оқиға инспекторлардың бейнежетондарына жазылып қалған.