Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Саунада басшылық лауазымды "жуған" офицерлер қызметтен қуылды

Ал қарапайым инспекторлар қатаң сөгіс алды. Енді сауналатқан полицейлер әкімшілік жауапқа да тартылады.

Саунада басшылық лауазымды "жуған" офицерлер қызметтен қуылды
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Семейде жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы мен бірқатар әріптесі жұмыстан шығарылды. Олар жақында ғана басшы болып тағайындалған Ришат Сұңғатовтың қызметін жуу үшін саунаға барған еді, деп хабарлады paryz.kz.

Бір топ учаскелік полиция қызметкерінің жартылай жалаңаш күйде саунада отырған суреттері әлеуметтік желіге тарап кетті. Карантин кезінде топтасып той тойлағандарды жұрт қатаң сынаған болатын. Содан кейін қызметтік тексеріс жүргізген Өзіндік қауіпсіздік қызметі Ришат Сұңғатовтан бастап, бірқатар лауазымды азаматты қызметінен босатты. Ал қарапайым инспекторлар қатаң сөгіс алды. Енді сауналатқан полицейлер әкімшілік жауапқа да тартылады.

Тағы оқи отырыңыз: Карантин: семейлік полицейлер саунада басшының лауазымын "жуған"

"Монша кешенінде болған полиция қызметкерлеріне қатысты айтарымыз, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін оларды әкімшілік жауапқа тартуға тиісті материалдар жолданды", - деді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.