Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Карантин: семейлік полицейлер саунада басшының лауазымын "жуған"

Осы жайтқа байланысты биліктің "реакциясын" күтетінін ескерткен Руслан Лазута, жоғары жақтан отырысқа қатысушыларды жаппай жазалаудың жазбаша дәлелдерін ұсынуды талап етті.

Карантин: семейлік полицейлер саунада басшының лауазымын "жуған"
фото: дереккөз

Қоғамдық белсенді Руслан Лазута Instagram-дағы парақшасына карантин кезінде семейлік полиция қызметкерлерінің саунада ішімдік ішіп, басшыларының жаңа лауазымын атап өтіп жатқан суреттерін жариялады, деп жазды paryz.kz.

"Ортада құрметті болып отырған - жергілікті "Антибиотик". Ол енді ғана Семей қалалық Орталық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) бастығы лауазымына тағайындалды. Полиция майоры Сұңғатов Ришат өзінің бағынышты учаскелік инспекторларымен, дәлірек айтқанда, бауырларымен бірге" деп жазды Руслан Лазута.

Белсендінің айтуынша, полиция қызметкерлері жайшылықта мобильді топтардың құрамына кіріп, алыпсатар бейбақтар мен көшедегі қарапайым азаматтарға маска тақпағаны және үшеуден артық жүргендері үшін айыппұл салады. Ал өздерінің отырыстары мынау.

"2021 жылдың 29 қаңтарында Кордон бағытындағы саунада барлық жеке құрам жаңа бастықтың лауазымын атап өтпек болды. Сөйтіп, олар карантин кезінде спирттік ішімдіктер ішіп, Ришат Сұңғатовтың қызметін жуды", - деп нақтылай кетті ол өз сөзін.

Сондай-ақ жазба соңында осы жайтқа байланысты биліктің "реакциясын" күтетінін ескерткен Руслан Лазута, жоғары жақтан отырысқа қатысушыларды жаппай жазалаудың жазбаша дәлелдерін ұсынуды талап етті.