«Қайрат Боранбаевтың активтерді қайтарғаны туралы ақпарат – жалған»: ҚМА мәлімдеме жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы таратқан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Paryz.kz.  

«Қайрат Боранбаевтың активтерді қайтарғаны туралы ақпарат – жалған»: ҚМА мәлімдеме жасады
Фото: paryz.kz

Агенттіктің мәліметінше, жарияланған ақпаратқа сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталған.

Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өтіп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды, – делінген ҚМА хабарламасында.