Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақ әскері де "Шағала" атты отандық "байрактарды" сынақтан өткізді (ВИДЕО)

Ұшу қашықтығы - 30 шақырым. Ауада ол 2,5 сағатқа дейін болуы мүмкін.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "Шағала" ұшу аппаратының тәжірибелік үлгісін елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары әзірлеген, деп хабарлады paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.⠀

Аппаратты полигонда сынақтан өткізу кезінде әскери ғалымдар төмен температураға төзімді қуат көзін сынақтан өткізді. Ерекше аккумулятор батареялары – Ұлттық қорғаныс университеті мамандарының соңғы ойлап тапқан жаңалығы.⠀

"Шағала" аппаратының ұшу қашықтығы - 30 шақырым. Ауада ол 2,5 сағатқа дейін болуы мүмкін. Жел секундына 14 метрге дейін күшейген кезде өзін тұрақты ұстайды.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан Түркиядан соққы жасаушы дрондар сатып алатын болды

Ғылыми жұмыстың нәтижеcі патенттелген және әскери тәжірибеде пайдалану аяқталған соң барлық әзірлемелер ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару үшін Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне берілмек.