Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстан Түркиядан соққы жасаушы дрондар сатып алатын болды

Қазір екі елдің қорғаныс саласындағы әріптестік арнайы операцияның мамандарын дайындау, соққы жасаушы және барлаушы дрондардың тактикасын үйрену бойынша іске асуда.

Қазақстан Түркиядан соққы жасаушы дрондар сатып алатын болды
фото: ssb.gov.tr

Қазақстан қорғаныс саласының қызметкерлері түркиялық әріптестерімен басқосу ұйымдастырды. Басқосу барысында Түркиядан түрлі дрондарды сатып алу мен оларға Қазақстанда техникалық қызмет көрсету жағы талқыланды, деп хабарлады paryz.kz, haqqin.az-ға сілтеме жасап.

Қазір екі елдің қорғаныс саласындағы әріптестік арнайы операцияның мамандарын дайындау, соққы жасаушы және барлаушы дрондардың тактикасын үйрену бойынша іске асуда.

Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Мухсин Дере арасындағы кездесу барысында әскери техникалық саладағы әріптестікті арттыру, кәсіби мамандарды даярлау мен әскери өнеркәсіп саласын дамытудың маңызды екені айтылды. Қазақстандағы Назарбаев университеті мен Түркия университеттерінде кәсіби әскери мамандарды дайындаудың маңыздылығы талқыланды.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан АҚШ-тан 54 млрд теңгеге екі барлау ұшағын сатып алмақ

Түркияның ірі әскери өнеркәсіп саласындағы компанияларымен әріптестік бойынша Қазақстанның Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Мухсин Деренің арасында да келіссөздер жүрді. Тараптар түрлі дрондарды сатып алу, оларға техникалық қызмет көрсету, Түркияның өзге де қару түрлерін алу бойынша талқылаулар жүргізді.