Қазақстанның бай адамдары тізімінде 5-орында тұрған миллиардерді туған жері Қырғызстанда жерлейді.
Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктер тобы қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовты жерлеу рәсіміне қатысу үшін Қырғызстанға арнайы ұшақпен барады, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
"Ибрагимовті жерлеу рәсіміне қатысу үшін Бішкекке 21.00-ге арнайы ұшақ ұйымдастырылған", - деп хабарлады агенттік тілшісі.
Сұхбаттасушының айтуынша, миллиардерді жерлеу рәсіміне Қазақстан Үкіметінің өкілдері қатысады деп болжануда.
"Нұр-Сұлтандағы адамдардың бір бөлігін Қырғызстанға Мәскеуден ұшатын ұшақ алып кетсе, қалғанын біздің қазақстандық ұшақ апарады", - деп хабарлаған жағдаймен таныс дереккөз ҚазТАГ-қа.
Тағы оқи отырыңыз: COVID-19: қазақстандық олигарх Белгияда көз жұмды
Еске сала кетсек, Қазақстандық олигарх, Eurasian Resources Group компаниясы тобының бас акционерлерінің бірі, Eurasian National Resources Corporation (ENRC) ортақ иеленушісі Алиджан Ибрагимов 3 ақпан күні Белгияда көз жұмған болатын. Қазақстанның бай адамдары тізімінде 5-орында тұрған миллиардерді туған жері Қырғызстанда жерлейді.