Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

COVID-19: қазақстандық олигарх Белгияда көз жұмды

Ол 1992 жылдан бастап ERG бойынша тағы екі танымал олигархтың – Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің серіктесі еді...

COVID-19: қазақстандық олигарх Белгияда көз жұмды
фото: ашық дереккөз

Белгияда Eurasian Resources Group (ERG) компаниялар тобының басты акционерлерінің бірі, қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz, қырғыздың Kaktus Media басылымына сілтеме жасап.

"Қырғызстанда Граф ретінде танымал қазақстандық бизнесмен Алиджан Ибрагимов бүгін, 3 ақпанда түнде қайтыс болды", - делінген ақпарат көздерінде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ибрагимов коронавирустан қайтыс болған.

"Ол Белгияда қайтыс болды, бірақ туған жері Токмакта жерленеді. Ибрагимовтың Қазақстанда ауырғаны белгілі. Жағдайы нашарлаған кезде ол Белгияға емделуге кетті, содан кейін қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Ибрагимов 1992 жылдан бастап ERG бойынша тағы екі танымал олигархтың – Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің серіктесі еді. Ибрагимовке ERG-дің 20,7%-ы тиесілі болған. Сонымен қатар ол Eurasian National Resources Corporation (ENRC) тең иесі, "Еуразиялық банк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.