14.11.2023, 15:10

Түркістан облысында цемент зауытындағы жарылыстан 52 жастағы жұмысшы мерт болды

Фото: Наталья Зинченко

Түркістан облысында орналасқан цемент зауытында жарылыс болып, 52 жастағы жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Оқиға Түлкібас ауданына қарасты Састөбе елді мекенінде орналасқан цемент зауытында болған. Цехтаңы жарылыстан 3 науқас Сайрам аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Екі науқастың денесін 100 пайыз күйік алған. Ал, үшінші адамның денесі 70-75 пайызға күйген. Ауруханаға өте ауыр жағдайда келді. 1971 жылғы науқас қайтыс болды. Қазір жансақтау бөлімінде екі адам емделіп жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Медициналық көмектер жан-жақты көрсетілуде» - деді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Сәдуақасұлы.