10.05.2024, 16:22

Мәйітханада өлген адамдарды зорлады деген азамат жайлы тың мәлімет пайда болды

Фото: t.me/kozachkow

Өткен аптада Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген ақпарат тараған еді. Әділет министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли ол туралы тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Бұл азамат сот-сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасында тұрмағанын атап өткен жөн. Яғни, ол әділет органдарының қызметкері емес», - деді ол.

Ол 1980 жылы туған ер адамның сот-сараптамалық орталығына күзету бойынша қызмет көрсететін “Аят Секьюрити" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері екенін айтты.

 «Егер заң тарапынан заң бұзу фактісі анықталса, бұл компаниямен жұмыс тоқтатылады. Бірақ бұл кәдімгі мемлекеттік сатып алулар негізінде өзінің қызметін көрсетіп отырған компанияның өкілі ретінде бізге жіберілген. Оны Әділет органдары немесе сот-сараптамалық орталығы жұмысқа қабылдамаған», - деді Талғат Уәли министрлік өткізген брифингте.