Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтті

Алматыда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке1-2де 50-ден астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылды. Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде ет – 35 тонна, жеміс – көкөніс – 70 тонна, сүт – 15 тонна, бал – 50 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері – 25 тонна, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұтынушыларға Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласы - Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары, сонымен қатар «Жетісу» ӘКК-сы 170 тоннаға жуық экологиялық таза өнім ұсынды.

Қонаев қаласының шаруалары құны 4 млн 800 мың теңге болатын 10 тонна азық-түлік әкелді. Тұтынушылар да жәрмеңкенің жиі өткізіліп тұрғанын қалайды. Қала тұрғындары жарма, сүт, ет, көкөніс, бал, жеміс өнімдерін базар бағасынан 15-20 пайыз арзан бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Атап айтқанда, сиыр етін 1100 теңгеден, қой еті 1050 теңгеден, жылқы еті 1400 теңгеден сатып алуға болады.
Жәрмеңкеге байланысты Төле би көшесі бойымен Абылайхан даңғылынан Фурманов көшесіне дейін, сонымен бірге Панфилов көшесі бойымен Бөгенбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектелді.

Бұл шараны қала тұрғындары асыға күтері анық. Себебі өңірдің әр түкпірінен келген өнімдер делдалсыз тұтынушыларға тікелей саудаланудың нәтижесінде баға базардан анағұрлым арзанға түседі. Осы бір тиімді сәтті пайдаланып, қыстың қамын жасап қалуға тырысқан қала тұрғындарының жәрмеңке алаңына бет алған қарасы қалыңдап, күн көтеріле келе сауданың көрігін қыздырды.

Ал Алматы облысында дәстүрлі түрде дәнді дақылдар және алма, алмұрт, жүзім, көкөністердің барлық түрі өсіріліп, мал мен құс шаруашылығы қарқынды дамы­ған. Биылғы жылы респуб­ликада сары өрік өсіру бойынша 1-орынды, картоп пен күріш өсіру бойынша 2-орынды алып отыр.

Сондай-ақ өңіріміз құс өсіру мен құс етін өңдеу бойынша алдыңғы орында. Облыста 8,3 млн бас құс тіркелген, яғни рес­публика бойынша жалпы құс санының 17 пайызын құрайды. Жыл басынан бері 141,4 мың тонна барлық түрдегі ет өндірілген. Оның ішінде 62,1 мың тоннасы бройлердің құс еті. Облыс құс етіне деген Алматы қаласы тұрғындарының сұранысын 100 пайыз қамтамасыз еетуде. 

Өңірдің алыс-жақын ауыл­шаруашылық тауар өндірушілері бұл күні жәрмеңкеге жалпы көлемі 179,3 тонна өнім алып келді. Оның ішінде 20,3 тонна ет өнімдері, 6 тонна сүт өнімдері, 20,6 тонна картоп, 25,4 тонна көкөніс, 22 тонна алма мен жеміс-жидек және 45,2 тонна басқа да өнімдер саудаланды.

Ал жексенбі күні Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдас­тыруымен Тұңғыш Президент саябағында «Apple Fest» фестивалі өтті. Өңірде 11 мың гектарға жуық алма бағы бар болса, оның ішінде әйгілі апорт 1 259 гектарды құрайды.

Аталған алма фестиваліне Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының шамамен 25 бау-бақша серіктестіктері қатысты. Жәрмеңкеде алманың жоғары сұрыпты 13 түрі ұсынылды.