Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматы экономикасы көш бастап тұр

Алматы экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Айнұр Баспақова атап өтті, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы экономикасы көш бастап тұр
Фото: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы – Қазақстанның ірі қалалық экономикасы бар қаржы мегаполисі. Сонымен қатар ол негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша көш басында. Қала экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды - 57,5%, онда 869 мың адам жұмыс істейді. 2022 жылы шығарылған ШОК өнімінің көлемі 15,7 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі – 131,1%. Қала экономикасының ЖӨӨ құрылымында сауда және қызмет көрсету салалары басым болып тұр. Олардың үлесі 86,1% - құрайды, – деді Айнұр Баспақова.

2023 жылғы қаңтар-мамырда республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмағы Алматыда болған.

Шет мемлекеттердің барлық бас елшілігі Алматыда орналасқан. Біз олармен достық, серіктестік қатынастар орнаттық. Сондай-ақ бірлескен кеңестерге қатысамыз. Іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесеміз, шетелдік компанияларға қолдау көрсетеміз. Бұдан бөлек сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін ынтымақтасамыз. Жыл басынан бері Кәсіпкерлер Палатасы Қытайдың 7 провинциясының сауда палаталарының өкілдіктерімен, сауда палаталарымен, соның ішінде Фейсалабад, Лахор (Пәкістан) қаласындағы әйелдер сауда палаталарымен меморандумдарға қол қойды, – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы.

Белгілісі, шағын және орта кәсіпкерлік қала экономикасының іргетасы болып табылады. Бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында, қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарының кең жиынтығы тартылған.

Осы жылы сомасы 80 млрд. теңгені құрайтын 900-ден астам жоба қаржыландырылды. Ауқымды инвестициялық жобалар Алматы – Индустриялық аймағында және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында дамуда. Атап айтқанда, қазір Алматы – Индустриялық аймағының аумағында сомасы 381,4 млрд. теңгені құрайтын  87 жоба іске асырылуда, 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Аса шағын кәсіпорындар үшін шағын өнеркәсіптік парктер бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда, ондағы үй-жайлар жеңілдік шарттарымен ұсынылады. Жұмысы тоқтап тұрған өнеркәсіп нысандарын жаңа инновациялық технопарктер мен кластерлерге қайта құрылымдау жүргізілуде.

Инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу мақсатында, Алматы қаласында 2023 жылғы наурызда «Almaty Business Development Company» Алматы қаласының бизнесін дамыту жөніндегі компаниясы» ЖШС өз жұмысын бастады, ол бизнес-қоғамдастыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер кешенін көрсетеді.

Алматы қаласының экономикасын дамытудың негізгі басым бағыттарының бірі – креативті индустрияны дамыту есебінен экономиканы түрлендіру үшін жағдай жасау болып табылады. Қазірдің өзінде, креативті секторда 19 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Аталған саланы дамыту үшін, кәсіпкерлерге жан-жақты, оның ішінде, оқыту бағдарламаларын іске асыру, жеңілдікпен қаржыландыру, гранттар беру,  үй-жайлар ұсыну секілді қолдау көрсетіледі.

Шығармашылық бастамаларды іске асыру үшін, жуық арада креативті хабтар мен кластерлер іске қосылатын болады.