Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Азия пара ойындарының рекордын жаңартты

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Paryz.kz 

Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Азия пара ойындарының рекордын жаңартты
Фото: туризм және спорт министрлігі

 Ол 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін!, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.