Алайда, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің не себепті көз жұмғанын айтпады.
Бүгін Талғар облыстық ауруханасының бас дәрігері, 62 жастағы Нұрлан Құлсейітов қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz.
Ол туралы ақпаратты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Алайда, олар дәрігердің не себепті көз жұмғанын айтпады.
Тағы оқи отырыңыз: Талғардың бас дәрігері тұрғынға үстелді тоқпақтап қыр көрсетті (ВИДЕО)
Үстелді тоқпақтаған бас дәрігер жауапқа тартылды
Талғардың үстелді тоқпақтаған бас дәрігері халықтан кешірім сұрады
"Нұрлан Құлсейітовтің өкпесі 90-95 пайыз зақымданған. Егер мен қателеспесем, бас дәрігер шамамен 9 жыл бұрын жол апатына ұшырап, әрең дегенде аман қалған. Бұл оның денсаулығына әсер етті. Сондай-ақ оның денсаулығына бүкіл ел тарапынан сынға ұшырауы да ауыр тиді", - деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Ашимахун.