Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Үстелді тоқпақтаған Талғардың бас дәрігері жауапқа тартылды

Бас дәрігердің этикалық нормаларды сақтауы және кәсіби мінез-құлық мәселесін қарау үшін комиссия құрылды.

Үстелді тоқпақтаған Талғардың бас дәрігері жауапқа тартылды
Видеодан скриншот

Алматы облысындағы Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің жұмыс орнындағы іс-әрекетіне қатысты шағым түскен. Бас дәрігерге қатысты тексеру нәтижелері туралы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz

Бас дәрігердің этикалық нормаларды сақтауы және кәсіби мінез-құлық мәселесін қарау үшін комиссия құрылды. Оның нәтижелері туралы Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы айтты.

Тағы да оқыңыз: Талғардың үстелді тоқпақтаған бас дәрігері халықтан кешірім сұрады

"Тексеру барысында осы медициналық ұйымның басшысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді басқармадан.