28.05.2023, 11:10

Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамында қанша күн демалады?

Фото: pavlodarnews.kz

Маусым айында қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Құрбан айт мейрамы 28 маусым – сәрсенбіге келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусымда жұмыс істеп, 28 маусымда демалады, 29-30 маусымда қайта жұмыс істейді.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26-27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусымда демалып, 29-30 маусымда және 1 шілдеде қайта жұмыс істейді.