27.04.2024, 13:22

Су тасқыны: 37 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды

Фото: Мейірбек Тажқұранов

ТЖМ баспасөз қызметі су тасқынына бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлады paryz.kz.  

Республика бойынша 36 мың 745 адам өз үйлеріне оралды. 6 мың 909 адам эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері 119 мың 220 адам, оның ішінде 44 мың 776 бала эвакуацияланды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған қоса 6 мың 148 тұрғын үй мен 2 мың 794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.

«Жедел желі» телефондарына 2 мың 241 қоңырау түсті.