Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Балалар жазушысы ұлықталды

Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ақын, аудармашы,балалар жазушысы Сұлтан Қалиұлының 80 жылдығына орай “Балдырған”журналының бас редакторы Дүйсен Мүсірәлімен сырласу кеші өтті, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Балалар жазушысы ұлықталды
Фото: ашық дереккөз

«Балдырған» журналының бас редакторы,балалар жазушысы, Ауған соғысының ардагері, «Ардагер» республикалық қозғалысының басқарма мүшесі, Дүйсен Мүсірәлі оқырманмен кездесті. 
Аталған сыр-сұхбатты кітапханамыздың қызметкері, ақын Мағиза Құнапияқызы жүргізді.
 №159 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жұмбақтарға жауап беріп, сұрақ қойып, Дүйсен Мүсірәліден сыйлыққа журнал, кітапханамыздан кітап алды.

«Есімдері етене таныс ақын-жазушылармен бетпе-бет сөйлесудің өзі оқушыларға қызықты болды. Кездесуде балалар ақын-жазушылардың шығармаларын оқып берді. Мұндай кездесудің ең басты құндылығы жасөспірімді бала жастан ұлттық рухта тәрбиелеуге қызмет етеді. Жаһанданудың ықпалымен қазақтың ұлттық тілі мен мәдениетінің болашағы пышақ жүзінде тұрғандай күйде екенін бәріміз сезінеміз, бірақ алақан жайып, шарасыздық таныта беру азаматтыққа жатпайды. Қазір балалар әдебиеті бар бар ма, жоқ па?» деген әңгіме көп айтылып жатады. Біреулер «балалар әдебиеті бітті, ауылдан аса алмай қалды» дейді. «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары, «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері тұрғанда балалар әдебиеті өлмейді. Осы журналдар жабылғанша бола береді. Одан кейін білмеймін. Неге десеңіз, осы басылымдардың өзінде жыл сайын ақын-жазушылардың балаларға арналған қаншама әңгімесі, өлеңі жарияланып жатыр. 
Сұлтан Қалиұлы еңбек жолын Жамбыл ауданы орта мектептің мұғалімдігінен бастап, Қазақ радиосының музыка, балалар редакцияларында аға редакторы, республикалық «Балдырған» журналында жауапты хатшы, «Ұлан» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған.

«Сыныққа сылтау», «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем саған, мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Теміртесер», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын», «Әйт, шу, тұлпарым», «Қандай болып өсемін?» және т.б. көптеген жинақтары шықты. Сонымен бірге  «Төлебай Әжімов», «Баспалдақ» прозалық жинақтары да бар. С.Маршак, С.Михалков,Р.Гамзатов, Р.Киплинг, Бақытжан Момышұлы, Я.Колас, А.Барто, Я.Бжелва, А.Ж. Родари, Я.Аким,Б.Заходер, Қ.Мұхаммади, Қ.Тәңірқұлиев, Б.Асанәлиев, Т.Самудинов, А.Рахмад,Ш.Биккол, т.б. шығармаларын қазақшаға аударды», – деді Дүйсен Мүсірәлі. 

Сұлтан Қалиұлы артына қалдырған мол мұрасы-шығармалары арқылы оқырмандарымен мәңгі бірге жасай бермек.