24.05.2023, 17:43

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 2023 жылғы 19 мамырда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысымен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 2023 жылдың 21 маусымына дейін ұзарту қанағаттандырылып, санкцияланды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы прокуратурасында Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты істің мән-жайы жарияланған болатын. Белгілі болғандай, қаңтар оқиғасы кезінде Қайрат Құдайберген Алматыда 24 адамды ұрлап кеткені үшін (кейін олардың бірі қайтыс болды) айыпталған. Арман Жұмагелдиевтің жанында жүрген. Қазір үстінен іс қозғалған «Дикий Арман» қамауда жатыр. Ал Қайрат Құдайбергеннің өзі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен 22 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. 20 шілдеде Қ. Құдайберген Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық мандатынан айырылып, «AMANAT» партиясынан шығарылды.