30.04.2024, 10:55

Елімізде діни-экстремистік ұйым құрғандар сотталды

фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның 7 азаматы және 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдастыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрушілік тудырған.Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды», - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, сотталушылардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.