Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"ҚазАгро"-ның 200 мың доллар жеген директоры 10 жылға сотталды

Генерал-майор Көпбаев 200 мың теңге пара алғаны үшін 5 жылға сотталып кеткен-ді. Онікі - 200 мың теңге, бұнікі – 200 мың доллар. Ал бас бостандығынан айыру жылдарының арасы онша алшақ емес...

"ҚазАгро"-ның 200 мың доллар жеген директоры 10 жылға сотталды
фото: kapital.kz

25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен "ҚазАгро" холдингінің бұрынғы басқарушы директоры – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма мүшесі А.Қамшымбаев кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепіл элеваторын сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі 200 мың долларды ұрлауға және пара беруге итермелеуге әрекеттенген.

Осы үкіммен Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты А.Булатов ақша жымқыруда сыбайлас деп танылып, оған 5 жылға шартты жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының орынбасары Б.Рахимов заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығы шектелді (бұрын тағайындалған "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын ескере отырып).

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қорғаныс министрлігі Кадрлар және әскери білім басқармасының бұрынғы бастығы, генерал-майор Көпбаев 200 мың теңге пара алғаны үшін 5 жылға сотталып кеткен-ді. Онікі - 200 мың теңге, бұнікі – 200 мың доллар. Ал бас бостандығынан айыру жылдарының арасы онша алшақ емес...