Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Құрмет" орденін алған генерал 200 мың теңге пара алғаны үшін қамалды

Ол мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына және бас бостандығынан 5 жылға айырылды.

"Құрмет" орденін алған генерал 200 мың теңге пара алғаны үшін қамалды
фото: inform.kz

Қорғаныс министрлігі Кадрлар және әскери білім басқармасының бұрынғы бастығы, генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады paryz.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Көпбаевқа қатысты пара алу бойынша қылмыстық істі тергеп болғандарын хабарлаған.

"2019 жылы мамырда оның Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштеріне қарасты Т.Бигелдинов атындағы әскери институтына әскериді офицерлік қызметке тағайындағаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына және бас бостандығынан 5 жылға айырылды. Сонымен бірге, сот президенттің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізді.