05.05.2023, 12:35

«Қара бүркітте» жазасын өтеп жатқан Челахтың бір күніне қанша ақша жұмсалады

коллаж: Halyq Uni

Өмір бойына сотталғандар жазасын өтейтін «Қара бүркіт» түрмесінде 180 адам отыр.

Halyq Uni қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, сотталған азаматтарға бір күнге қанша теңге жұмсалатынын сұрады.

Қазір бір сотталғанға күніне 5 165 теңге қарастырылған, - деп жауап берді комитет.

Бұған дейін «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін өмір бойына сотталған Владислав Челахтың түрмеде екі рет тәртіп бұзғаны хабарланды.