06.05.2024, 14:17

Шығыс Қазақстанда жолға көшкін түсті

Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жолда көшкін болды.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан таудан көшкін жүріп, Күршім ауданындағы жергілікті маңызы бар «Маралды-Үшбұлақ» жолының 12-ші шақырымында көліктердің жүруіне қиындық туғызды.

«Таудан төмен лықсыған топырақ жолдың 50-100 метрдей бөлігін жауып қалды. Қазіргі кезде аталған жол бөлігіне жол-көлік полициясы қызметкерлерінен кезекшілік қойылды», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.