28.04.2023, 14:25

«Халқыма оқ атпадым»: Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Фото: inform. kz

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты. Ол өзінің айыпты емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды»,- деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Сот сағат 15:00 ге ауыстырылды. Сол кезде үкім шығады деп күтіліп отыр.

Бүгін сағат 11:00-де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевты сот залына арнайы күзетпен жеткізді.

Түскі сағат 13:25-те сот отырысы басталды.