17.04.2023, 10:51

Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты

фото: Мangystaumedia.kz

Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мangystaumedia.kz жазуынша, Жаңаөзен қалалық ауруханасына газдан зардап шеккен 13 жәбірленуші түскен.  

«Жарылыс салдарынан 1994 жылы туған бір адам қаза тапты. Ауыр жағдайдағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарлдамада.

Зардап шеккендердің бірінде денесін 80 , екіншісін 50 пайызын күйік шалған. Тағы үшеуі травматология бөлімінде жатыр.

«Зардап шеккендердің арасында балалар да бар, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Қалғандарының жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жүр.