21.02.2023, 17:28

Даниал Ахметовтің Астанада көлікпен жүріп-тұруына 4 миллионнан астам теңге бөлінді

Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстанның жоғары дәрежедегі шенеуніктері, соның ішінде негізінен облыс әкімі Даниал Ахметовтің Астана қаласында көлікпен жүріп-тұруына 4,8 млн теңге қаржы бөлінді, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО әкімдігінің шенеуніктері жұмыс сапарымен Астанаға барғанда, оларды алып жүру үшін көлік беріледі. Бұл жұмыс түрі келісімшарт жасасқан сәттен бастап 2023 жылдың соңына дейін көрсетілетін болады. Тапсырысты Президент іс басқармасының автошаруашылығы орындамақ.

Шенеуніктерге арналған көлікке жоғары талап қойылып отыр. Мысалы, машина жоғары класты болуы керек, ал қозғалтқышының көлемі 1790 см3 кем болмауға тиіс. 2010 жылдан бұрын шығарылған көліктер жарамайды.