Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Мария Мұхтасарова балаларымен көшеде қалған. Көпбалалы ана кафедегі кез келген жұмысты істеді: еден жуып, аспазға көмектескен. Әйелдің айтуынша, қиындықтарға қарамастан, ешкімнен көмек сұрамаған, бәрін өзі жеңуге тырысқан.
Мария Мұхтасарованың өмірлік жағдайы туралы "Дәулеттен" қайырымдылық қоры білген. Еріктілер 21 миллион теңге жинап, көпбалалы анаға Шұбарсу елді мекенінен әдемі үй сатып алып берген.
"Баспаналы болдық, өз үйіміз бар. Бізге көмектескен "Дәулеттен" қорына және қамқор адамдарға алғысым шексіз. Мен өте қуаныштымын және толқып тұрмын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үй маған қатты ұнады, тағы да рақмет баршаңызға", – дейді көпбалалы ана Мария.