18.01.2023, 18:30

Алматыда балабақша бағасы қымбаттады

фото: feodou26.crimea-school.ru

Азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына байланысты Алматыдағы балабақшалардың да ақысы өскен, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, биыл ай сайынғы төлем 4500 теңгеге көтерілген.

Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылы 22,1% - ға өсті.

«Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты 2022 жылы тамақтану үшін ата-ананың төлемақысының мөлшері 20 500 теңгені құрады. 

2023 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ата-ана төлемнің мөлшері күніне 1 балаға тамақтану нормаларын, жұмыс күндерінің санын, Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес, өнімдердің орташа құнын ескере отырып есептелген және айына 25 000 теңгені құрады»,- деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Алматыдағы 193 мемлекеттік балабақшада 40 мың 203 бала тәрбиеленіп жатса, ал 706 жекеменшік балабақшаға 38 мың 381 бала барып жүр.