14.01.2023, 15:00

ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды

фото: t.me/electionelection

ҚР Парламенті депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес:

Астана қаласында Жексенбай Бибигүл Нұрғалиқызы ең көп дауыс (62,1%) жинады. Оның кандидатурасын 18 таңдаушы қолдаған.

Алматы қаласында Асанова Жанна Бейсентайқызы ең көп дауыс (62,2%) жинады. Оның кандидатурасын 23 таңдаушы қолдаған.

Шымкент қаласында Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы ең көп дауыс (76,7%) жинады. Оның кандидатурасын 23 таңдаушы қолдаған.

Абай облысында үші үміткердің ішінен Тастекеев Талғат Құлбайұлы ең көп дауыс (82,4%) жинады. Оның кандидатурасын 89 таңдаушы қолдаған.

Ақмола облысында Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы ең көп дауыс (90,9%) жинады. Оның кандидатурасын 199 таңдаушы қолдаған.

Ақтөбе облысында Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы ең көп дауыс (83,1%) жинады. Оның кандидатурасын 148 таңдаушы қолдаған.

Алматы облысында Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы ең көп дауыс (83,2%) жинады. Оның кандидатурасын 154 таңдаушы қолдаған.

Атырау облысында Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы ең көп дауыс (68,6%) жинады. Оның кандидатурасын 81 таңдаушы қолдаған.

БҚО-да Өтеғұлов Арман Кәрімұлы ең көп дауыс (74,7%) жинады. Оның кандидатурасын 127 таңдаушы қолдаған.

Жамбыл облысында Арубаев Сәкен Қаланұлы ең көп дауыс (89,3%) жинады. Оның кандидатурасын 158 таңдаушы қолдаған.

Жетісу облысында Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы ең көп дауыс (76,3%) жинады. Оның кандидатурасын 100 таңдаушы қолдаған.

Қарағанды облысында Өтешов Серік Балғатайұлы ең көп дауыс (78,2%) жинады. Оның кандидатурасын 147 таңдаушы қолдаған.

Қостанай облысында Нұрмұханбетов Ғауез Торсанұлы ең көп дауыс (83,1%) жинады. Оның кандидатурасын 212 таңдаушы қолдаған.

Қызылорда облысында Рүстемов Русланең көп дауыс (67,4%) жинады. Оның кандидатурасын 95 таңдаушы қолдаған.

Маңғыстау облысында Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы ең көп дауыс (72%) жинады. Оның кандидатурасын 85 таңдаушы қолдаған.

Павлодар облысында Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы ең көп дауыс (87,1%) жинады. Оның кандидатурасын 148 таңдаушы қолдаған.

СҚО-да Кәрімова Гүльмира Раинбекқызы ең көп дауыс (80,4%) жинады. Оның кандидатурасын 144 таңдаушы қолдаған.

Ұлытау облысында Медебаев Советбек Тұрсынұлы ең көп дауыс (61,7%) жинады. Оның кандидатурасын 37 таңдаушы қолдаған.

ШҚО-да Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлыең көп дауыс (86%) жинады. Оның кандидатурасын 104 таңдаушы қолдаған.

Түркістан облысында Қадырбек Мұрат Болатұлы ең көп дауыс (72,5%) жинады. Оның кандидатурасын 200 таңдаушы қолдаған.

Сайлауда 3 168 мәслихат депутаты дауыс берді. Барлығы 20 депутат сайланды.