09.01.2023, 17:50

Елімізде ұн бағасы 35%-ға қымбаттады

фото: bjcxzd.com

2022 жылғы желтоқсанда қазақстандық өндірушілердің қандай өнімдері 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қымбаттағаны белгілі болды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ұн бір жыл ішінде 35,3%-ға, макарон мен кеспе 26%-ға, сүт 22,6%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, сары май бағасы – 20,6%, ақ қант – 19,5%, құс етінің құны – 19,4% өскен.

Нан – 18,6%-ға, ірімшік пен сүзбе – 17,2%-ға, күріш – 16,6%-ға қымбаттады.

Ал ет өнімдеріне келсек, сиыр еті – 8,3%-ға, жылқы еті – 6,2%-ға, қой етінің бағасы – 1,4%-ға көтерілген.