Ақпаратқа сәйкес, Кәсіпкер бағдарламасы жеңілдетілген несие беру бойынша аймақтық бағдарлама. Ол Қарағанда облысында тіркеліп, аймақта экономиканың басым салаларындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Осы бағдарлама аясында берілетін несие шарты мынадай:
Несиенің ең көп сомасы: 50 млн теңгеден аспауы тиіс;
Несие мерзімі:
инвестиция үшін – 5 жылдан аспауы тиіс;
айналым қаражатын толтыруға – 3 жылдан аспауы тиіс.
Кәсіпкерлер аталған несиелеу бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Қарағанды қаласында орналасқан "Даму" қорының филиалынан ала алады.