19.12.2022, 14:51

Шырша кескендер сотталады - ІІМ

фото: ашық дереккөзден

Елдімекендерде қылқан жапырақты ағаштардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде өткізуге тыйым салу, сондай-ақ, тиісті құжаттарсыз тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Бақылауды күшейту мақсатында автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде 300-ден астам мобильді топ құрылған.  

«Қылқан жапырақты ағаштарды сатуға рұқсаттың жоқтығы анықталған жағдайда, сатушы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Осы бап бойынша: 

Жеке тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде,    Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК мөлшерінде,    Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескертулер жасалады.   

Орман ағаштарын заңсыз кесу анықталған кезде ҚР Қылмыстық кодексінде бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделеді»,-деп мәлімдеді ҚР ІІМ министрлігі.    

Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады.