Зерттеуге қарағанда бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,1 пайызға аз.
Салыстыру үшін айта кетсек, 2021 жылдың осы кезеңінде мұндай құқықбұзушылықтар бойынша 140 адам ұсталған болатын, бұл бір жылғыдан 14,6% аз көрсеткіш. Бұл деректерге ІІМ Ұлттық ұланы мен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері кірмейді.
«Ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметкерлерінің жартысына жуығы –61 қызметкер пара алу кезінде ұсталды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7%-ға көп көрсеткіш. Тағы 33,3 пайызы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен ұсталды (41 адам)», - делінген зерттеуде.
Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған 8 адам, пара беру фактісі бойынша 7 адам, билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін 2 адам, пара алуға делдалдық жасағаны, сондай-ақ қызметте әрекетсіздік жасағаны үшін 2 адам ұсталған.
«Өңірлік тұрғыдан алғанда, – сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердіңішкі істер органдарының қызметкерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында (бір жыл бұрынғыдай 15 адам) және Түркістан облысында (бір жыл бұрынғы 6 адамнан биыл 15 адамға көп) ұсталды. Сондай-ақ алдыңғы орындарда Солтүстік Қазақстан (14 адам), Ақтөбе (11 адам) және Қарағанды (10 адам) облыстары да тұр», - дейді сарапшылар.
Ішкі істер органдарындағы жемқорлар еліміздің 20 өңірінің 17-сінде кездесті.