Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Елімізде жүргізушілер үшін мобильді қосымша іске қосылды

Қазақстанда жүргізушілер үшін мобильді қосымша іске қосылды деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде жүргізушілер үшін мобильді қосымша іске қосылды
Фото: tengrinews.kz

Қосымшада республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының, айналма жолдардың ашылуы/жабылуы, жөндеу жұмыстары, ауа райы туралы хабар алдын ала таратылады. Сондай-ақ пайдаланушылар қосымшаны онлайн және офлайн режимде қолдана алады.

Бұл қызметте республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан сервистік нысандар туралы өзекті ақпараттар болатыны да атап өтілді.

Компания мәліметінше, қолданба қазір PlayMarket-те қолжетімді, жақын арада AppStore-да шығады.