Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қостанайда жоғалған 5 жастағы қызды іздеуге 500-ден астам полицей жұмылдырылды

Қостанай облысында 7 тамызда жоғалып кеткен бес жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оны соңғы рет көрген куәгерлер анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанайда жоғалған 5 жастағы қызды іздеуге 500-ден астам полицей жұмылдырылды
фото: Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

ПД мәліметінше, Іздестіру шараларына 500-ден астам полиция қызметкері, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Төрт дрон және төрт арнайы техника бірлігі пайдаланып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар іздестіру шараларына белсенді түрде көмек көрсетуде. Олар қосымша сегіз көлік пен 60 адам бөлді.

Ведомство өкілдері іздестіру жұмыстары тас жолдарда, шаруа қожалықтарының аумақтарында, егіс алқаптарында, жыраларда жүріп жатқанын хабарлады. Қыз Тобыл өзенінің бойында да іздестіріліп жатыр.

«Кеше сағат 9:00 шамасында қызды көргендерін растаған куәгерлер анықталды. Олардың айтқаны бейнебақылау камералары арқылы расталды»,- делінген
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ іздеу жұмысына «ерекше қажеттіліктері бар балалармен психологиялық денсаулық саласында жұмыс істейтін психологтар» тартылды.

«Іздеу жұмыстарында ауылдың барлық ауласы қамтылды. Қазіргі уақытта жоғалған қызды іздестіру бойынша барлық шара қолданылып жатыр, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кеткен еді. Баланы 18 бен 13 жастағы үлкен әпкелері қарап қалған, олар таңертең оянған кезде қыздың үйде жоқ екенін байқаған. Полицияны қыздың анасы шақырды.