14.12.2021, 16:44

Алматы әкімдігі Тәуелсіздік мерекесінде отшашу атпақшы

фото: ашық дереккөз

ҚБТУ алаңынан сағат 21.00-де басталады. 

Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу атылады. Іс-шара туралы Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы мәлімдеген деп хабарлайды Paryz.kzTengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Отшашу ҚБТУ алаңынан сағат 21.00-де басталады. 

Сондай-ақ қала әкімдігі мерейтой күніне орай Алматыда 110-нан аса түрлі іс-шара өткізілетіні туралы хабарлады:

15 желтоқсанда №1 оқушылар үйінде "Жасай бер, Қазақ елі" атты концерт өтеді; Осы күні Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек" атты іс-шара ұйымдастырылады. Оған мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады; Жастар Сайран көлі жағасында экоакция өткізеді; 16 желтоқсанда "Тұран" университеті флэшмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында "Абылай хан"операсының премьерасы болады. Тәуелсіздік күні Ұлттық кітапханада "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты іс-шара өтеді.