Ресей көмір тасымалын толығымен бұғаттаған жоқ.
Ресей қазақстандық көмірдің Украинаға транзитін бұғаттаған жоқ деп хабарлайды Paryz.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев бұл мәселеге орай түсініктеме берді.
Оқи отырыңыз: Украина Ресейді қазақстандық көмірді өткізбей отыр деп айыптады
Ресей көмір тасымалын толығымен бұғаттаған жоқ. Бірақ ресейлік тараптағы инфрақұрылымның шамадан тыс жүктемесіне байланысты бірқатар шектеу енгізілді, - деді Уақпаев.