Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Украина Ресейді қазақстандық көмірді өткізбей отыр деп айыптады

Forbes ақпараты бойынша, бірінші жартыжылдықта Қазақстан Украинаға 491,7 мың тонна көмір жөнелткен.

Украина Ресейді қазақстандық көмірді өткізбей отыр деп айыптады
фото: teknoblog.ru

Украина Жоғарғы Радасының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Герус Қазақстаннан Украинаға жеткізілетін көмірдің жолын Ресей жауып отырғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазған.

Депутат Андрей Герустың айтуынша, қараша айында барлық тиісті жол бұғатталған. Ол бұғаттаудың "Ресей темір жолдары деңгейінде жүріп жатқанын, бұл Ресей Федерациясы арқылы көмір вагондарының транзитін растамайтынын" атап өтті. Герус шектеу тек энергетикалық көмірге ғана қолданылатынын және кокстелген көмірді жеткізуге қатысы жоқ екенін жазған.

Украиналық жылу генерациясының ірі компаниялары энергетикалық көмірді АҚШ-тан, Польшадан, Қазақстан мен Ресейден сатып алады. Оның тапшылығы елде жыл басынан бері пайда болған, сондықтан ЖЭС блоктарының рекордтық саны толық емес қуатта жұмыс істейді.

Forbes ақпараты бойынша, бірінші жартыжылдықта Қазақстан Украинаға 491,7 мың тонна көмір жөнелткен.