Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Елінен кеткен Ауғанстан президенті үндеу жолдады

Ашраф Ғани егер ол Ауғанстанды тастап кетпесе, тәліптер Кабулға шабуыл жасайтынын айтады.

Елінен кеткен Ауғанстан президенті үндеу жолдады
фото: alarabiya.net

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Facebook әлеуметтік желісінде қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz, BBC-ге сілтеме жасап.

Бүгін мен қиын таңдау жасадым. Ол сарайға басып кіруге ұмтылған қарулы тәліптермен бетпе-бет кездесу немесе соңғы 20 жылымды қорғауға арнаған тамаша елімді тастап кету, - деп жазады президент.

Оқи отырыңыз: Ауғанстан президенті отставкаға кетті - БАҚ

Ашраф Ғани егер ол Ауғанстанды тастап кетпесе, тәліптер Кабулға шабуыл жасайтынын айтады. Бұл бейбіт тұрғындардың қан төгуіне соқтыратын еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, тәліптер қылыш пен қару-жарақ шайқасында жеңіске жетті және енді өз отандастарының намысы мен байлығын қорғауға толық жауапкершілікті алады.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді

Бірақ олар жүректерді жаулай алмайды. Себебі, заңды түрде билікке келмеді. Тарихта бұрын-соңды ешкімге заңдылықты берген бір билік болған емес. Оларға да бермес, - деп жазды Ғани.