Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"1,6 миллиард мұсылман әлемінің әлемдік бір бренді жоқ" - Мұртаза Бұлұтай

"Бұйыртса, қатарға қосылып та қалармыз. Тазик шығара бастадық емес пе?" - дейді Абылайхан Әділхан.

"1,6 миллиард мұсылман әлемінің әлемдік бір бренді жоқ" - Мұртаза Бұлұтай
фото: facebook.com

Бүгін белгілі дінтанушы Мұртаза Бұлұтай Facebook-тегі парақшасына "1,6 миллиард мұсылман әлемінің әлемдік бір бренді жоқ" деген тақырыппен дүниежүзі брендтерінің тізімін жариялады, деп жазды paryz.kz.

Ал жазба астына Абылайхан Әділхан есімді желі қолданушы: "Бұйыртса, қатарға қосылып та қалармыз. Тазик шығара бастадық емес пе?" - деген пікір қалдырған. Хасан Кеукенов деген азамат болса, "Дұрыс айтасыз, түк те жоқ. Бренд – әйелді тұмшалап қою немесе басқа елдерді жамандау, сөйте тұра, сол Европа, АҚШ сияқты елдерге қашып бару, босқын ретінде", - деп намыстанып отыр. Сондай-ақ, Түркиядан Айнұр Тұрсынбаева шығарып жатқан шұжықтарды мұсылмандық бренд ретінде алға тартып отырғандар бар.

Тағы оқи отырыңыз: "Не мынау ал?!.": Тоқаев "тазик" өндірісімен танысып жүр

Айнұр Тұрсынбаеваның колбасасына жүн шықты (ВИДЕО)

Бұл ретте, тек Жырғаухан Мамбет атты азамат: "Соған да басыңыз жетпеді ме? Мұсылман – Аллаға құл, дінсіздер – мұсылманға құл", - деп пафостық пікір білдірген.